Биыл еліміздің өңірлерінде алғашқы медициналық көмек көрсететін 321 нысан салынып жатыр. Бұл туралы...
Енді бет-жүз ақауы бар балаларға ота тегін жасалады - Аймағамбетов
Фото: gov.kz
Енді туабітті бет-жүз ақаулары бар балалар – ірі гемангиомалармен, тамырлық мальформациялармен, ерін мен таңдай жырығымен және басқа да айқын аномалиялармен туған балалар – реконструктивті-косметикалық операцияларды мемлекет есебінен ала алады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Асхат Аймағамбетов желідегі парақшасында осындай жаңалықпен бөлісті. Оның айтуынша бұрын мұндай оталар көп жағдайда қаржыландырылмайтын болған. Жан-жақты зерттей келе, осындай бастама жасап, заңға тиісті түзету енгізгендерін айтып өткен.
Бұрын мұндай оталар жиі «эстетикалық» деп саналатын және көп жағдайда қаржыландырылмайтын. Сол себепті ата-аналар қаражатты өздері іздеуге мәжбүр болатын. Қосымша көмекті көп жағдайларда «Қазақстан халқына» қоры көрсетіп келді.
Ал шын мәнінде, мәселе сыртқы келбетте емес- баланың тыныс алуында, тамақтануында, көруінде және ең бастысы - оның психологиялық жағдайында болатын.
Халықаралық тәжірибе де мұндай шешімдердің маңызын дәлелдейді.
Осындай бағдарламалар жыл сайын мыңдаған балаға еркін жымиып, қалыпты өмірге оралуға мүмкіндік береді.
Бұл қолға алынып жатқан жәй ғана медициналық шара емес, әлеуметтік әділдік пен әлсіз жандарға деген қамқорлықтың көрінісі екенін де айтқан.
Енді бұл мүмкіндік қазақстандық балаларда да бар. Бұл – жай ғана медициналық шара емес, бұл – адамның қадір-қасиетін қорғау, әлеуметтік әділдік және ең әлсіз жандарға деген қамқорлықтың көрінісі.
Ендігі басты міндет – осы норманың уәкілетті орган тарапынан нақты және тиімді жүзеге асырылуын қамтамасыз ету.