Қызылордада 2 жасар бала балабақшада күйіп қалды

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
931

Қызылордада кішкентай бала жеке балабақшада күйіп қалды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ sn.kz-ке сілтеме жасап. 

Қызылордада 22 мамыр күні «Сыр болашағы» жеке балабақшасында 2 жасар Еркежан есімді қыздың ауыр күйік алуына байланысты тергеу жалғасуда.

Ата-анасының айтуынша, баланың денесінің 30%-на дейін зақым келіп, ол жансақтау бөліміне жеткізілген. Дәрігерлер оған күйіктік шок диагнозын қойып, 5 рет наркоз жасауға мәжбүр болған.

Қыздың анасы Айгүл Айдарбекованың сөзіне қарағанда, балабақша қызметкерлері жедел жәрдемді бірден шақырмаған:

«Маған оқиға болғаннан кейін жарты сағат өткен соң ғана хабарласты. Ал жедел жәрдем тек 16:22-де шақырылған», – дейді ол.

Оқиға кезінде балабақшада медициналық қызметкер болмаған.

Осы жағдайдан кейін мекемеде жөндеу жұмыстары жүргізіліп, оқиға орын алған раковиналарды қоса алғанда, сантехникалық құрылғылар ауыстырылған. Алайда, бүлдіршіннің ата-анасы бейнебақылау камерасындағы жазбаларды көруге мүмкіндік берілмегенін айтады.

Қазіргі таңда отбасы объективті тергеу жүргізуді, кінәлілерді жауапқа тартуды және мұндай жағдайдың қайталанбауына шара қабылдауды талап етуде. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда медициналық диагностика мен емдеудің заманауи технологияларын енгізу арқылы балаларды ше...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырауда 9 қаңтарда жоғалып кеткен 59 жастағы Талғат Назаровты іздеу жұмыстары ресми түрде аяқталды,...