3 апта өмір үшін күресіп, 1 сағатта 3 рет жүрегі тоқтаған жүкті әйел аман қалды

Фото: dzen.ru

Медицина
1638

Астанадағы №2 қалалық көпбейінді ауруханаға жағдайы өте ауыр жүкті науқас жедел жәрдем көлігімен жеткізілген. Ауыр созылмалы ауру салдарынан 30 жастағы Анастасияның жүрегі үш рет тоқтаған, деп хабарлайды madeniportal.kz Massaget.kz тілшісіне сілтеме жасап.

Дәрігерлер жансақтау бөлімінде жасанды тыныс алу аппаратына қосылған науқастың өмірі үшін 3 апта бойы күресті. Ауруханаға түскеніне бір апта өткен соң Анастасия есін жиып, оңалтудан кейін гинекология бөлімшесіне ауыстырылған. 

1 ай бойғы дәрігерлердің қажырлы еңбегінің арқасында науқас тыныс алуды, тамақтануды, жүруді, сөйлеуді қайта үйренген.

"Олар менің баламды құтқарып, қайта тірілткендей болды", - дейді Анастасияның анасы.

Гинекология бөлімшесінің меңгерушісі Оразалы Абдраманов бүгінде науқастың жағдайы жақсы екенін және ауруханадан шығуға дайындалып жатқанын мәлімдеді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы желіде орынсыз ақпараттық шабуылдарды тіркелгенін мәлімдеді...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Бүгін таңертеңнен бастап Алматыдағы №383 референдум учаскесінде ел үшін маңызды оқиғаға қатысқысы ке...