Ақтөбеде Неке сарайында өлтіріп кеткен әйел туралы тың дерек шықты

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
18

Ақтөбеде Неке сарайында адам қолынан қаза тапқан әйелдің артында 4 баласы қалды. Олардың екеуі күдікті ретінде танылған ер адаммен ортақ балалары. Алдын ала мәлімет бойынша, қайғылы оқиғаға ата-ана құқығына қатысты туындаған дау себеп болуы мүмкін, деп хабарлайды MadeniPortal.kz КТК арнасына сілтеме жасап. 

Қайғылы оқиға кеше түскі уақытқа қарай болған. Неке қию сарайының ғимаратында ер адам келушілердің көзінше әйелді пышақтап кетті. 

Полицияның мәліметінше, күдікті – марқұмның бұрынғы күйеуі. Олар шамамен үш жыл бірге тұрған. Алдын ала мәлімет бойынша, жанжал ата-ана құқығынан бас тарту мәселесіне байланысты туындаған.

Ер адам оқиға орнында ұсталып, қазір уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Әйелдің қазасынан кейін екі баласы уақытша балалар үйіне орналастырылған. Ал қалған екі баланың қазіргі жағдайы туралы әзірге ресми ақпарат жоқ. 

Ақтөбе облыстық балалардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы Амангелді Қонақбаевтың айтуынша, екі кәмелетке толмаған бала отбасылық жағдайларға байланысты "Үміт" балалар үйіне орналастырылған. Сондай-ақ ол бұл жағдайдың облыстық балалардың құқықтарын қорғау басқармасы мен құзырлы органдардың бақылауында екенін атап өтті.

Айта кетейік, кеше осы оқиғаға қатысты Ақтөбедегі Неке сарайының бөлім басшысының мәлімдемесі туралы жазған болатынбыз. Оның айтуынша, ғимарат алдында күзет бар, бірақ оны ғимарат әкімшілігі жалдайды. Күзетшілер зейнет жасындағы адамдар. Бөлімде жалпы 16 қызметкер жұмыс істейді екен.    

Медицина

Нұрлыбек Асылбеков Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды. Бұға...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда 2027–2029 жылдары ақылы автомобиль жолдарымен жүру тарифтерін кезең-кезеңімен көте...