Кәмелет жасына енді толған: Қарағандыда спортшы жекпе-жектен кейін комаға түсті

Фото: Pixabay

Медицина
192

Қарағандыда ережесіз жекпе-жектен өткен жарыста спортшы Арслан Атымтаев басынан жарақат алып, комаға түсті. Туыстарының айтуынша, қарсыласы тыйым салынған әдіс қолданған, бірақ жекпе-жек тоқтатылмаған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

«Жедел жәрдем көлігі кезекшілікте тұрмаған, тіпті оларды шақыруға талпыныс та жасалмаған. Шұғыл медициналық көмек көрсетілмеді. Жәбірленушіні омыртқасын бекітпестен алып шықты. Оны тасымалдаудың медициналық хаттамаларын сақтамай, жеңіл автокөлікке салып жіберген», — деп келтіреді «Вечерняя Караганда» спортшының туыстарының сөзін.

Жақындары болған оқиға үшін жарыс ұйымдастырушылар мен жаттықтырушы жауап беруі тиіс деп есептейді.

Полиция «денсаулыққа абайсызда зиян келтіру» бабы бойынша тергеу басталғанын хабарлады.

«Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 114-бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты және объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», — деп нақтылады Қарағанды облыстық ПД. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандық спортшы бір жарыста екі медаль жеңіп алды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Гимнастшы...

АЙМАҚТАР

Синоптиктер 2026 жылғы 9 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады. Еліміздің басым бөлігінде со...