Дәрігер пластикалық операция кезінде тікелей эфирге шыққан

Фото: istockphoto.com

Медицина
1765

Әзербайжанда операция кезінде тікелей эфир жүргізген пластикалық хирург Тебессюм Гурбанова лицензиясынан айырылды, деп хабарлайды madeniportal.kz Azattyq Rýhy тілшісіне сілтеме жасап. 

Пластикалық хирург Тебессюм Гурбанова Әзербайжандағы «Azər-Türk Med» клиникасында жұмыс істеп жүріп, операция кезінде тікелей эфир өткізгені үшін лицензиясынан айырылды. Бұл жағдай әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарының назарына іліккен болатын.

Бұл оқиға пластикалық хирургтар арасында бақылаудың күшейгенін көрсетіп отыр.

Тебессюм Гурбановадан бөлек, лицензиясынан айырылған хирургтар қатарында Севиндж Гейдарова, Бэхиче Керимова, Рена Гулиева, Кёнюль Агамирова және Шовкет Алиева бар. Осылайша, лицензиясынан айырылған пластикалық хирургтар саны алтыға жетті. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Telegram желісінің негізін қалаушы Павел Дуров халықаралық іздеуге жарияланды....

Шоу-бизнес

Танымал қазақстандық эстрада жұлдызы Алтынай Жорабаева отбасында дүркіретіп той жасады, деп хабарлад...