Көзіне пышақ кіріп кеткен бала есін жимастан 2,5 айдан кейін қайтыс болды

Фото: Istockphoto

Медицина
1450

Петропавлда көзіне пышақ кіріп кетіп, ауыр жарақатпен ауруханаға түскен 3 жасар сәби 2,5 айдан кейін қайтыс болды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Бұл туралы СҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. Бұған дейін жансақтау бөлімінде жатқан бала 28 ақпан күні көз жұмды.

Естеріңізге салайық, былтыр 19 желтоқсанда Петропавлда 3 жасар баланың сол жақ көзіне пышақ кіріп кетті. 

Анасы дәрігерлерге баланың ас бөлмесінде орындықтан құлап, жарақаттанғанын айтқан. Сәбиге ашық бас-миының жарақаты, ауыр дәрежедегі мидың соғылуы диагнозы қойылды. Ауыр халде ауруханаға түскен бала сол қалпы есін жимады.

СҚО Полиция департаменті осы факті бойынша кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады. Алайда бір аптадан кейін, 25 желтоқсанда қылмыстық іс денсаулыққа абайсызда зиян келтіру бабына ауыстырылды. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алда Жаңа жыл мерекесі жақындап келе жатқандықтан, кейбір адамдар арасында оны атап өтуге бола ма, б...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында кешелі бері қатты жел соғып, дауыл тұрды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Салдарын...