Бүгін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туының авторы Шәкен Ниязбековтің туған күні

Фото: ҚР Орталық мемлекеттік мұрағат қорынан

Мереке
961

Бүгін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туының авторы, монументші-суретші, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Шәкен Ниязбековтің туған күні, деп хабарлайды madeniportal.kz

Ол Тараз қаласында туған. Санкт-Петербург көркем өнеркәсіп институтын бітірген. 

Шәкен Ниязбеков – «Абай», «Музыка сазы», «Аңшылық», «Құрманғазы», «Кісен ашқан», «Әли Батыр», «Сырым Датов» және басқа да алюминийге, мысқа, жезге бедерленген монументтік туындылардың, Қазақстан Республикасы Туының, Алматы қаласы таңбасының авторы. Техника ғылымының докторы В. Зайчикпен бірлесіп жасаған пісіргіш машинасы Монреальдағы дүниежүзілік көрмеде көрсетілді. 

«Құрмет» орденімен, 1998 жылы «Астана» медалімен, 2001 жылы «Қазақстан тәуелсіздігіне 10 жыл» медалімен, 2005 жылы «Қазақстан конститутциясына 10 жыл» медалі және т.б мемлекеттік марапаттармен марапатталған. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Танымал шоумен Тұрсынбек Қабатовтың жұбайы Айман Талғатқызы оқырманының сұрағына жауап берді, деп ха...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Түркістан облысында құтқарушылар 31 наурызда жоғалып кеткен қыздың денесін тапты, деп хабарлады Made...