Үндістанда апатқа ұшыраған Boeing ұшағының ұшқышы өзіне қол жұмсады деген нұсқа теріске шығарылды. Б...
«Қабылданған батыл шешімдер бірегей комбинаттың дамуына тың серпін берді» – Тоқаев
Фото: Ақорда
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Халықтық құрылыс» жобасы еліміздің барлық қаласы мен ауданын қамтитынын мәлімдеді. Ауқымды бастамаға шамамен 6,5 триллион теңге бөлінеді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Мемлекет басшысы металлургия комбинатының жетістіктері Қазақстандағы ауқымды өзгерістермен тығыз байланысты екенін атап өтті. Оның айтуынша, ел дамудың жаңа тарихи кезеңіне қадам басқанымен, қол жеткізген табыспен шектелуге болмайды.
Президент саяси реформалар мемлекет іргесін нығайтуға бағытталғанын айтты. Сондай-ақ Қазақстан жасанды интеллект кеңінен қолданылатын жаңа әлемге бейімделуге тыңғылықты дайындалуы қажет екенін жеткізді.
Қасым-Жомарт Тоқаев келесі жылды «Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы» деп жариялағанын еске салып, алдағы жұмыстың негізгі мақсатын түсіндірді.
«Ең маңыздысы, “Халықтық құрылыс” тұтас елді, барлық қала мен ауданды қамтиды. Шын мәнінде, біз баянды болашақтың сенімді іргетасын қалап жатырмыз», – деді Президент.
Жоба аясында жолдар, әуежайлар, вокзалдар мен электр станциялары салынып, жаңартылады. Сондай-ақ ауруханалар, емханалар, мектептер, ерекше балаларға арналған оңалту орталықтары, шығармашылық үйлері мен спорт нысандары қамтылады. Мемлекет басшысы бұл инфрақұрылымның игілігін бірнеше буын көретінін атап өтті.