Атырау облысында із-түссіз кеткен отбасы туралы өзгерістердің бар-жоғы нақтыланды, деп хабарлайды&nb...
Із-түзсіз жоғалған 28 жастағы жігіттің мәйіті табылды
Фото: әлеуметтік желі
Бішкекте 9 қазанда жоғалып кеткен 28 жастағы Ханэл Жоробаевтың мәйіті табылды. Оның денесі Көк-Жар ауылындағы «Панорама» саяжай аумағына жақын тау етегінен табылған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, мәйітті Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары тапқан.
Оқиға орнын қараған милиция қызметкерлері ер адамның шамамен 300 метр биіктіктен құлауы мүмкін екенін айтқан. Тау бөктеріндегі жапырылған шөп пен іздер осындай болжам жасауға негіз болған. Алдын ала дерекке сүйенсек, мәйіт сол жерде он күннен астам уақыт жатқан.
Ханэлдің анасы оқиғаға қатысты өз болжамын айтты. Оның ойынша, ұлы Ботаникалық бақ маңына бір қызбен кездесуге баруы мүмкін. Әйел қыз жігіттің жүрісіндегі ерекшеліктен қорқып, бауырын көмекке шақырған болуы ықтимал деп санайды. Сондай-ақ ол ұлы соққыға жығылып, соның салдарынан қайтыс болуы мүмкін деген күдігін жеткізді. Бұл болжамдар ресми түрде расталған жоқ.
Іздеу кезінде жақындары жігіттің жүйке жүйесіне қатысты сырқаты болғанын айтқан. Сонымен бірге оның үш тілде еркін сөйлегенін, бес уақыт намаз оқығанын жеткізген. Туыстары Ханэлдің дағуатқа кеткен болуы мүмкін деп те үміттенген.