Күмбезді зал. «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан»

МҰРАЖАЙ
3133

Күмбезді зал – Резиденцияның ең әдемі әрі кең залдарының бірі. Күмбездің биіктігі - 4,5 м.
Бұл залда 1997 жылдың 10 қазанында Қазақстан Республикасының Президенті Ақмола қаласын мемлекетіміздің жаңа астанасы ретінде жариялады. Күмбезді залда жаңа астанада тұңғыш рет Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан мемлекеттері басшыларының кездесуі өтті. 1998 жылдың 9 маусымында Түркі тілдес мемлекеттер саммиті өткізілді. 1999 жылдың 6 қазанында Үкімет басшыларының кеңесі өтті, онда ЕурАзЭҚ құру туралы мәселе талқыланды.
Қазіргі кезде мұнда «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» экспозициясы қойылған, ол еліміздегі саяси, экономикалық және әлеуметтік реформалардың, зиялы ұлт қалыптасуының, сыртқы саясаттың  жетілдірілуі мен республиканың өңірлік және жаһандық қауіпсіздігі нығаюының өзекті басымдықтарымен таныстырады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстан азаматтарына Ресей Федерациясы аумағына кіру үшін қосымша талаптар енгізілді, деп хабарлад...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысындағы Бестөбе шахтасында тау жыныстарының құлауы салдарынан екі ер адам қаза тапты, деп...