Ықылас атындағы музыкалық халық аспаптарының мұражайы

МҰРАЖАЙ
7641

1980 жылы 1 тамызда № 358 қаулы бойынша Республикалық халық музыкалық аспаптар музейі құрылды.

1981 жылдың 24 сәуірінен бастап музей, қалың бұқараға өз есігін айқара ашты. Музейдің құрылуы тарихшы, этнограф, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері – Өзбекәлі Жәнібековтың (1931-1998) есімімен байланысты.

Музыкалық аспаптардың кейбірі, негізінен, домбыра, қобыз, даңғыра, кепшік, сылдырмақ, сонымен қатар, жекелеген орыс, ұйғыр, дүнген аспаптары музейге ҚР мемлекеттік Орталық музейі, Орал, Оңтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейлері, Отырар музей-қорығы коллекцияларынан берілді.

Аспаптардың жартысы халықтан жинақталып алынды.

1990 жылы 11 наурызда Музейге қазақтың халық композиторы, қобызшы, қобыз мектебінің негізін салушылардың бірі – Ықылас Дүкенұлының (1843-1916) есімін беру туралы шешім қабылданды.

2012-13 жж. Мәдениет жылы аясында Музейде кең көлемді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. 2013 жылы 15 мамырда халық музыкалық аспаптар музейі қайта ашылды. Экспозицияның сырт пішіні ғана өзгеріп қоймай, Музей жұмысының концепциясы да толығымен өзгерді.

Музей экспонаттарды сақтау, насихаттау және музыкалық мұраны дәріптеу, сондай-ақ музей коллекцияларын ғылыми тұрғыдан зерттеу жұмыстарымен айналысады.

Бүгінгі таңда музей қорында әлемнің 34 елінің музыкалық мәдениетімен таныстыратын 1000-нан астам зат бар.

Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі Алматы қаласының мәдени көрікті жерлерінің бірі.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Таразда кәмелетке толмаған қыздың өзіне қол жұмсау фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Алд...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Үлкен Алматы шыңында 3680 метр биіктікте 2005–2006 жылы туған үш жас таудан өздігінен түсе алм...