Ержан Максим «Голос. Дети» байқауының жеңімпазы атанды

МУЗЫКА
6163

Ресейдің Бірінші арнасының «Голос. Дети» конкурсының арнайы шығарылымы тікелей эфирден көрсетілді, деп хабарлайды "Мәдениет порталы" ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасап.

Бұл жолы Микелла Абрамовадан басқа финалға жолдама алғандардың барлығы өнер көрсетті. Әуелі Пелагея, содан кейін Светлана Лободаның командасында болғандар сахнаға шықты. Ең соңынан Валерий Меладзенің шәкірттеріне кезек келді. Оралдық Ержан Максим «Адажио» әнін орындап, көрермендердің қошеметіне бөленді. 


Оқи отырыңыздар: Ақтөбе қаласының әкімі Димашты арнайы туған күнімен құттықтап барды


Шоуды қорытындылыған Бірінші арнаның бас директоры Константин Эрнст «Голос. Дети» байқауының жеңімпазы ретінде бірінші болып Ержан Максимді атады. Содан кейін Нино Чеснер, Валерий Кузаков, Рената Таирова, Роберт Багратян, Анастасия Сисаури, Михаил Григорян, Мариам Абделькадер  және арнайы шығарылымға қатыспаса да, Микелла Абрамова жеңімпаз болып танылды. Олардың бәріне демеуші тарапынан 1 млн рубльдің сертификаты табыс етілді. 

Бұдан бұрын Ержан Максимнің суперфиналда өнер көрсетіп, екінші орын алған.. Алайда кейін дауыс беру қорытындысына байланысты дау туындап, Ресейдің Бірінші арнасы алтыншы маусым нәтижесін қайта қарап, жоққа шығарған еді. Сөйтіп арнайы шығарылым көрсету жөнінде шешім қабылданды.

Қоғам

Алматыда баннер орнатып жатқан өнеркәсіптік альпинист 12-қабаттан құлап, қайтыс болды, деп хабарлады...

Өнер

Қазақстанның тұңғыш Халық суретшісі Әбілхан Қастеевтің туғанына 120 жыл толуына орайластырылған мере...