1 қыркүйекте өзге елдің әні қойылды: Қостанайдағы колледждегі видео талқыға түсті

видеодан скрин

ЖАҢАЛЫҚТАР
821

Қостанайдағы колледждердің бірінде жаңа оқу жылының басталуына арналған іс-шара кезінде өзге елдің әні қойылған видео әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Әлеуметтік желіде тараған мәліметке сәйкес, видео Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжінде (ҚӘТК) түсірілген.

Кадрлардан оқу орны қабырғасында өткен мерекелік іс-шара кезінде шетелдік әннің ойнатылғанын көруге болады.

Аталған видео әлеуметтік желі қолданушыларының назарын аударып, түрлі пікір туғызды.

Әзірге колледж әкімшілігінің аталған жағдайға қатысты ресми түсініктеме бергені туралы ақпарат жоқ.