Алматыда 81 жастағы қарияны тонап кеткендер ұсталды

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
449

Алматы қаласында 81 жастағы зейнеткерді ұрлап, оның жылжымайтын мүлкін өз атына жаздыруға әрекеттенген күдіктілер қолға түсті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Полиция мәліметінше, Турксіб ауданында жалғыз тұратын қарияның жоғалып кеткені туралы құқық қорғау органдарына оның танысы хабарлаған. Іздестіру барысында зейнеткер қала маңындағы елді мекендердің біріндегі тұрғын үйден табылды.

Тергеу барысында күдіктілердің жәбірленушінің сеніміне кіріп, оның әлсіз жағдайын пайдаланғаны анықталған. Олар қарияны еркінен тыс ұстап, психологиялық қысым көрсету арқылы мүлкін өз атына рәсімдеуге көндірмек болған.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ретінде екі ер адам мен бір әйел ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...