Актер әрі әзілкеш Қайрат Әділгерей үш жыл бұрын айтқан сөзі үшін сотталуы мүмкін, деп хабарлайды Mad...
Ақын Жанна Елеусіз 56 жасқа қараған шағында дүниеден өтті
Жазушылар одағы
Белгілі ақын әрі журналист Жанна Елеусіз өмірден өтті. Қаралы хабарды Қазақстан Жазушылар одағы жеткізді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Жанна Елеусіз 1970 жылы 22 қарашада Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 1992 жылы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған.
Ол қазақ поэзиясында өзіндік сыршыл қолтаңбасымен танылды. Ақынның «Мен сүйетін дүние» және «Тіршілік трилогиясы» атты жыр жинақтары жарық көрген. Оның философиялық тереңдігімен, мұңды әрі нәзік иірімдерімен ерекшеленетін өлеңдерін әдеби орта «ақсүйек поэзия» деп бағалаған.
1995 жылы Абайдың 150 жылдығына арналған мүшәйрада жүлдегер атанған.
Қазақстан Жазушылар одағы марқұмның туған-туыстары мен жақындарына, сондай-ақ қалың оқырман қауымға көңіл айтты.