“10 айлық бала бар”: Ер адам 3 ұлын асып өлтіріп, кейін өзі де ажал құшты

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
3161

2022 жылы Маңғыстау облысында ер адам үш баласын дарға асып, артынан өз өмірін де қиды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Бұл ІІМ ресми сайты хабарлайды.

«11 желтоқсан күні сағат 19.45-те Мұнайлы аудандық полиция бөліміне өзін-өзі асып өлтіру белгілері бар төрт мәйіт табылғаны туралы қоңырау түсті. Осы қоңырауға жедел-тергеу тобы шықты. 38 жастағы ер адам, сондай-ақ сегіз жасар, төрт жас, 10 айлық балалары асылып өлген жерінен табылды. Тексеру барысында азамат Б.-ның әйелі Д.-ға жолдаған аудиожазбасы табылды. Онда ол өзінің өлетінін және балаларын өзімен бірге алып кететінін айтқан» делінген полиция хабарламасында.

Полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігі (кісі өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғады.

«Анықталғандай, бұл оқиға отбасылық жанжал негізінде болған, бұл адамдар ажыраспақ болған. Ерлі-зайыптылардың екеуінің де тұрақты жұмыс орны болмаған» деп қосты полиция.

Шоу-бизнес

Танымал әнші Мейрамбек Беспаевтың 50 жас мерейтойында бұрынғы АБК тобы сахнаға шығып, өнер көрсетті,...

Шоу-бизнес

Әнші Төреғали Төреәлі әлеуметтік желідегі парақшасында көп әйел алу тақырыбын қозғады, деп хабарлайд...