Енді ақпараттық қауіпсіздік пен мемлекеттік резервті ҰҚК (КНБ) бақылайды

Фото: ҰҚК

ЖАҢАЛЫҚТАР
1126

Қазақстанда енді ақпараттық қауіпсіздік пен мемлекеттік резервті ҰҚК (КНБ) бақылайды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Бұл туралы 2025 жылғы 25 желтоқсандағы Президент жарлығында айтылған.

Құжатқа сәйкес:

«Ұлттық қауіпсіздік комитетіне Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігі бөлігінде ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері берілсін», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар ҰҚК мемлекеттік резервтерге де жауапты болады. Комитетке мемлекеттік материалдық резервтің құндылықтарын сақтау көлемі мен номенклатурасын ұсыну, сондай-ақ олардың бөлінбеуін қадағалау құқығы беріледі.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысының Макинск қаласында Mercedes-Benz автокөлігі 8 жастағы қызды қағып кетті. Бала алған...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,  білім беру ісінің үздігі, профессор,  әнші-композ...