10 жылға сотталған Перизат Қайраттың көлігі сатылымға шығарылды

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
895

Астана қаласының мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті қара түсті Mercedes-Benz S450 автокөлігін сату туралы хабарландыру жариялады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Сауда-саттық 7 сәуір күні сағат 10:00-де басталады. Көліктің мемлекеттік нөмірі – 777KPK01. Жинақта Pandora сигнализациясы бар кілт бар. Көліктің аккумуляторы отырып қалған.  Көліктің құны – 79 415 000 теңге.

Қазіргі уақытта көлікті тек мемлекеттік мекеме немесе мемлекеттік кәсіпорын нысанында тіркелген заңды тұлғалар ғана ала алады. Егер көлік сатылмаса, онда лот барлық ниет білдірушілер үшін ашық сатылымға шығарылады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Біріккен Араб Әмірліктерінің Шарджа қаласында екі қазақстандық қыздың қаза болғаны белгілі болды, де...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Риддерде 13 жастағы қыз мотоциклмен келе жатып, жолға тартылған арқанға соғылып, көз жұмды. Қайғылы...