Талғат Қатауов. ҚАРАТӨБЕМНІҢ ӨНЕРІ МЕН МӘДЕНИЕТІ ҚҰЛДЫРАУДА

Жаңалықтар
3953

Қоғамның және өнер адамдарының назарына!

БҚО әкімі А.Көлгінов не деп жауап береді екен?!

Осы салаға жауапты аудан әкімі орынбасары Ж.Сұлтан осындай жағдайға неге жіберіп отырсыз?!

Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы - Мұхит, Ғарифолла, Е.Хасанғалиев, Ж.Сәрсенғалиев, Ш.Қыдырниязова, С.Рахметжанов секілді елімізге танымал өнер адамдары мен т.б. мәдениет қайраткерлері шыққан құт дарыған киелі өңір. Алайда соңғы жылдары Қаратөбе өңірінде мәдениет пен өнер саласы құлдырауда.

ОНЫҢ БАСТЫ СЕБЕПТЕРІ:

1. Мәдениет саласын ешқандай мамандығына сай емес, өнерді мұрны иіс сезбейтін адамдардың басқаруы. Дәлелмен сөйлесем, ешқандай мәдениет, өнер саласына мамандығы мүлде сәйкес келмейтін, дене шынықтыру пәні мұғалімі Есен Гумаров Қаратөбе аудандық мәдени демалыс орталығының директоры болып тағайындалған.

Аудан әкімі орынбасары Ж.Сұлтан және мәдениет бөлім басшысы М.Есендосов! Есен Гумаровтың жездесі облыста жоғары лауазымды бастық болғасын соған деген жағыну ма? Қаратөбе өңірінде есімі елге танымал өнер адамдары тұрғанда, мамандығы мүлде сәйкес емес Гумаровты не себепті мәдениет үйі директоры етіп қойдыңдар?! Ұлттық өнерімізді қорламаңдар, қасиетті Қаратөбе өңірінің мәртебесін былай түсірмеңдер!

2.Өнерді ешқандай иіс сезбейтін Е.Гумаров басшы болып келгелі мәдени демалыс орталығында еңбек дауы көбейіп, әділетсіздік белең алған.

3.Музыкалық білімі бар адам кіші қызметкер болып қызмет атқарса, керісінше, музыкалық еш білімі жоқ адам көркемөнерпаздар бөлімінің әдіскері болып жұмыс жасайды. Музыкалық білімі жоқ адам қалайша ауылдардағы мәдениет үй қызметкерлеріне қалайша әдіскерлік көмек бермек.

4.Мәдениет демалыс орталығында қызметкерлерге 6-7 айдың зейнетақылары уақытында аударылмай, олар нәтижесінде сотқа шағымданып өндіріп алған.

5. Е.Гумаров қызметкерлерге еш себепсіз, негізсіз, заңсыз тәртіптік жаза қолдануда. Қарамағындағы қызметкерлер директордың берген жазасына келіспей сотқа беріп, нәтижесінде прокурор барлық тәртіптік жазаны жойған. Бұл директор Есен Гумаровтың лауазымын асыра пайдаланғанына және заңды белшесінен басқанына нақты дәлел болады.

6. Гумаров қолынан іс келетін өнерлі адамдарды қудалауда және жұмыстан шығуға моралдық қысымшылық жасауда. Ауданның мықты өнер адамдары біреуі таксист болып жүрсе, кейбіреуі амалсыздан басқа жаққа кетуде.

7.Соңғы үш жылда Қаратөбе мәдени демалыс орталығында жеті директор ауысқан. Егер басшылар жиі ауысса, қызметкерлер бір-бірін және басшыларын сотқа беріп, бір -бірін аңдып жүрсе, бұдан кейін қалай жұмыс жүреді, қалайша мәдениет пен өнеріміз дамиды.

8. Қаратөбе ауданының бетке ұстар өнер адамдары (әншілері мен термешілері) қолына музыкалық аспаптар: домбыра, қобыз т.б. ұстап сахнада жүрудің орнына, биржадағы жұмыссыз жүрген қызметкерлері секілді қолдарына күрек, балға, қысқаш алып әжетхана қазып жүр

Қаратөбенің мәдениет, өнер саласындағы келеңсіздіктер мен әділетсіздіктер жойылмаса, онда қасиетті құт қонған Қаратөбе өңірінің мәдениеті мен өнері одан әрі құлдырап, қасіретті жұт қонған өңірге айнала ма деп қорқамын!

Талғат Қатауовтың фейсбук парақшасынан алынды

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...