«Дәрігерлер аман алып қала алмады»: Астана маңындағы жол апатынан полиция капитаны көз жұмды

Фото: Ақмола облысы ПД

ЖАҢАЛЫҚТАР
242

Астана – Петропавл тасжолында болған жол апатынан ауыр жарақат алған полиция капитаны Данияр Таев ауруханада қайтыс болды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz

Қайғылы оқиға 3 қараша күні Астана – Петропавл автожолында болған. Полиция қызметкерлері патрульдік көлікпен жол жөндеу жұмыстарына арналған арнайы техниканы бастап жүрген.

Алдын ала мәлімет бойынша, JAC автокөлігінің жүргізушісі жылдамдықты асырып, қауіпсіз арақашықтықты сақтамаған. Салдарынан жол-көлік оқиғасы болып, полиция капитаны Данияр Таев ауыр жарақат алған.

Зардап шеккен тәртіп сақшысы ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.

«Осы жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғалды. JAC автокөлігінің жүргізушісі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүріп жатыр. Ішкі істер министрлігінің басшылығы мен жеке құрамы қайтыс болған қызметкердің отбасы мен жақындарына көңіл айтады», – делінген облыстық Полиция департаментінің хабарламасында.

Қазіргі уақытта жол апатының мән-жайы анықталып жатыр. Қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Network School жобасының негізін қалаушы Баладжи Шринивасанды қ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Құрылтай депутаты Юлия Кучинская Қазақстаның барлық қаласын тексеруді ұсынды. Оның айтуынша, тұрғы...