Атырауда бір отбасыны жайратып кеткен күйеу бала: Марқұмның туыстары үлкен қыздың тірі екеніне қуанған

Фото: ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
1063

Атырау облысы Жангелдин ауылында өз үйінен өлі табылған ерлі-зайыптының туыстары — қыздары Ақбаянның тірі табылғанына қуанып отыр. Оның бұл қанды қылмысқа қатысы барына сенгісі жоқ. «Енді із-түзсіз кеткен екі бауырымыздың, ең болмағанда, сүйегін тапсақ», - дейді олар. Еске салсақ, Ақбаян мен оның азаматтық некедегі күйеуі Индонезияда ұсталған еді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz KTK арнасына сілтеп.

Жангелдин ауылындағы өз үйінде көмулі табылған ерлі-зайыптының өліміне күдікті күйеу баласы Сұлтан Сәрсемалиев пен қызы Ақбаян Мұқанғалиеваның ұсталғанын естіген қаралы үйдің туыстары «сіңліміздің аман табылғанына қуандық» дейді. Осы уақытқа дейін өлі-тірісін біле алмай отырған Мейрамгүл мен Наурыз «бауырымыздың енді, ең болмағанда, сүйегі табылар» деп жылаған. Асила Мұқанғалиева осыдан екі ай бұрын аға-жеңгесінің отбасы ұшты-күйлі жоғалғанын айтып бізге алғаш сұхбат берген еді. Сол кезде де Ақбаян сіңлісімен жақын араласқанын айтты.  

ЖАҢАЛЫҚТАР

Telegram желісінің негізін қалаушы Павел Дуров халықаралық іздеуге жарияланды....

Шоу-бизнес

Танымал қазақстандық эстрада жұлдызы Алтынай Жорабаева отбасында дүркіретіп той жасады, деп хабарлад...