Нұр-Сұлтан, 11 наурыз – "Фолиант" баспасы 2021 жылы алғаш рет қазақ тілінде жарық кө...
Анасы өтінді": Жамбыл облысының әкімі Елдос Сметовтің үйінің алдына не үшін жол төселгенін айтты
Бейнежазбсдан кадр
Қарашөкеев спортшының ауылына асфальт төсеу бойынша мемлекеттік сатып алу процесі белгілі бір себептермен кешіктіріліп жатқанын алға тартты. Дегенмен, Сметовтың үйінің алдындағы жол демеушілер есебінен жасалған екен.
"Жол салу оңай процесс емес. Биыл қаржылық салымдар болды. Менің ойымша, демеушінің қаражаты есебінен жол жасауда тұрған ештеңе жоқ. Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алу процесінің өзі объективті себептермен кешіктірілгендіктен, айыпты ештеңені көріп тұрған жоқпын. Ауылға жол құрылысын салу қарастырылған. Бірақ, мемлекеттік сатып алу процесі кешіктіріліп жатыр. Спортшының ата-анасы "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" атағын алғанын білесіздер. Анасы жол жасауды өтінді. Біз мемлекеттік сатып алу рәсімі жүріп жатқанын түсіндірдік, біраз күту керек екенін айттық. Дегенмен, кәсіпкерлеріміз келіп, демеушілік қаражат есебінен чемпионның аймағына жол салды. Менің ойымша, мұнда тұрған ештеңе жоқ", – деді әкім.
Еске салсақ, Тараз әкімдігі Елдос Сметовтің Олимпиададағы жеңісінен кейін үйінің алдына асфальт төсеп берген болатын.