Қызылордада жалған анықтама жазып берген дәрігер сотталып кетті

Фото: Pixabay

ЖАҢАЛЫҚТАР
155

Қызылорда облысында мемлекеттік қызметші қамауда болғанын жасыру үшін жалған еңбекке жарамсыздық парағын пайдаланған. Тергеу барысында құжатты аудандық аурухананың дәрігері жасағаны анықталып, екеуі де сот алдында жауап берді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Қызылорда облысының прокуратурасы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің қызметіне тексеру жүргізу барысында лауазымды тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасау фактісін анықтады.

Атап айтқанда, Сырдария аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бөлім басшысы әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 15 тәулікке қамаққа алынған. Алайда, мемлекеттік қызметші жұмыста болмаған себебін жасыру және жұмыстан қалуын заңдастыру мақсатында басшылыққа жалған уақытша еңбекке жарамсыздық парағын ұсынған.

Тергеу барысында құжаттың жалған екені және оны Сырдария аудандық ауруханасының дәрігері дайындағаны белгілі болды.

«Прокурорлық тексеру материалдары негізінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, іс сотқа жолданды. Соттың үкімімен аудандық аурухана дәрігері жалған құжат дайындағаны үшін ҚК-нің 385-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 1 жыл мерзімге бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Ал бөлім басшысы көрінеу жалған құжатты пайдаланғаны үшін ҚК-нің 385-бабы 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды. Сот үкімі заңды күшіне енді», – делінген прокуратура хабарламасында. 

Шоу-бизнес

Танымал әнші Сәкен  Майғазиевтің жары Динара Майғазиева күйеуінің екінші әйел алуға деген көзқа...

MADENI TV

Жетісу облысы Ақсу ауданында екі ауыл тұрғыны өз әкесін ұрып-соқты және қорлады деген күдікке ілінді...