Роман Скляр Президент Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды

Ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
104

Мемлекет басшысының Жарлығымен Скляр Роман Васильевич Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған қызметінен босатылды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Роман Скляр Павлодар мемлекеттік университетін «инженер-құрылысшы» мамандығы бойынша, Мәскеу заманауи бизнес институтын «экономист» мамандығы бойынша және Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын «заңгер» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1989 жылы «Екібастұзуглеавтоматика» МНУ-да слесарь-монтаждаушы болып бастаған. 1990 жылдан 2002 жылға дейін Павлодардағы әртүрлі компанияларда жұмыс істеген.

2002 жылы Павлодар облысы бойынша Қаржы министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитеті басқармасының бөлім бастығы болды. 2003 жылдан 2006 жылға дейін Павлодар қаласы мен Павлодар облысының әкімдіктерінде түрлі қызметтер атқарған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

5 мамыр күні Өскемендегі «Казцинк» металлургиялық алаңы аумағында штаттан тыс жағдай оры...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында қала аумақтарын сәндік-гүлді көгалдандыру...