Атырау облысындағы пойыз апатынан үш адам ауыр халде жатыр

Фото: ҚТЖ

ЖАҢАЛЫҚТАР
2160

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, зардап шеккендердің жағдайы тұрақты, бірақ ауыр деп бағаланып отыр, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Бұған дейін оқиға салдарынан локомотив бригадасының мүшелері мен жүк көлігі жүргізушісі жарақат алды деп хабарланған еді. Алайда облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің  жаңартылған ақпаратында жүргізушінің зардап шекпегені нақтыланды. Облыстық аурухананың травматология бөлімінің алғашқы мәліметінде оның ауыр жарақат алғанын айтқан болатын. 

Оқиға орнында 12 құтқарушы мен 4 бірлік авариялық-құтқару техникасы жұмыс істеп жатыр. Қазір апаттың мән-жайы анықталып жатыр. 

1 наурыз күні сағат 10:20-да «Теңдік» стансасындағы теміржол өткелінде жүк пойызы жүк көлігімен соқтығысқан болатын. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

АҚШ-та балаларды ұзақ уақыт бойы қамауда ұстаған қылмыстық топ әшкереленді, деп хабарлайды MadeniPor...

ЖАҢАЛЫҚТАР

АҚШ-та қазақстандық із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz Stan.kz сайтына сілтеп....