11 жылдан кейін арманын орындаған қазақстандық ару жұртты тамсандырды (ВИДЕО)

Сурет әлеуметтік желіден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
2389

 Қазақстандық жас әнші Ажар Назар әлеуметтік желіде 11 жыл бұрынғы видео мен қазіргі кездегі видеосын қатар жариялап, арманының орындалғанын көрсетті, деп хабарлады madeniportal.kz.

2013 жылы әлі кішкентай қыз ретінде үлкен сахнада өнер көрсетуді армандап, іс-шарада ән айтқан. 

 11 жылдан кейін оның арманы орындалып, 2024 жылы сахнада ән шырқап тұрғанын қуанышпен жеткізген.

«Ғажайып күннен естелік… 3-4 жасымнан бастап,ән айтып,өз ойымнан әр-түрлі әндерді шығаруды қатты ұнататынмын. Ата-анам әр кеш сайын «сахнада Ажар Назар!» деп, менімен ойнайтын. Сол кезден бастап ойыма әр-түрлі мелодия, сөздер бірден келетін. Осы күнге шейін әлі де солай… Кішкентай кезімнен бастап өнерге өте жақынмын, бұл шынымен де маған арналған іс деп ойлаймын. Ал кеше, мен соншама көп халықтың алдында, үлкен сахнаға бірінші рет шықтым. Шүкір», - деді Ажар Назар.

Желі қолданушылары жас әншіге тәнті болып, өнеріне табыс тілеп жатты. Бұл бейне арманыңа сеніп және сол жолда еңбек ету керек  екенінің айқын дәлелі іспеттес. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте тағы бір әйел пышақ жарақатынан қаза тапты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Шымкент қалас...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов екінші жары Айманмен бірге қасиетті Мекке мен Мединаға қажылық сап...