Үш жолапатына кінәлі: Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов 20 тәулікке қамалды

Фото: ulysmedia.kz коллажы

ЖАҢАЛЫҚТАР
420

Тергеу барысында оның жеңіл дәрежедегі мас күйде көлік тізгіндеп, Астана көшелерінде бірден үш жол апатына кінәлі екені анықталды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Алдымен жерасты тұрағының қақпасына соғылып, кейін басқа көлікпен соқтығысқан. Соққы екпінімен ол көлік тағы бір темір тұлпарды соққан. Артынша боксшы Kia Sportage автокөлігін қағып, ол өз кезегінде Toyota Hilux көлігіне барып соғылған. 

Салдарынан барлық көлікке зақым келіп, иелеріне материалдық шығын келтірілді. 

Спортшы сотта өз кінәсін мойындады. 

Сот оған 20 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу және 7 жылға көлік тізгіндеу құқығынан айыру түріндегі әкімшілік жаза тағайындады. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Түркістан облысында Сырдария өзеніне батып кеткен екінші азаматтың денесі табылды. Осылайша бірнеше...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада аса ірі мөлшерде алаяқтық жасады деген күдікпен 29 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайд...