Сәтбаев қаласында облыс орталығында қайғылы жағдайда қаза тапқан ана мен қызды соңғы сапарға шығарыл...
Өскеменде көпір үстінде велосипедшілерді көлік қағып кетті
Фото: видеодан скриншот
737
Өскеменде көлік велосипедшілер колоннасын қағып кетті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz ШҚО Полиция департаментіне сілтеме жасап.
Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, 27 мамыр күні сағат 09:30 шамасында Өскеменде Toyota Avensis көлігінің жүргізушісі Ертіс өзені арқылы өтетін көпірде жол ауыстыру кезінде маневрдің қауіпсіздігіне көз жеткізбей, велосипедшілер колоннасын қағып кеткен.
Жол-көлік оқиғасының салдарынан 6 кәмелетке толмаған велосипедші медициналық көмекке жүгінді.
Аталған факті бойынша тексеру жүргізілуде, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады.