Түркістан облысында көлік апатынан 3 адам опат болды

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
590

Түркістан облысында мас жүргізуші 3 адамның өмірін қиды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. 

Оқиға Түркістан облысының Арыс қаласында болған. Жоғары жылдамдықпен келе жатқан жеңіл көлік жекеменшік үйдің қоршауын бұзып өтіп, қоршау алдындағы орындықта отырған 5 адамды қағып кеткен.

Салдарынан 2 бала мен жүкті әйел оқиға орнында көз жұмды. Тағы 2 адам ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілді.