«Балабақшада екі кобраның қатысуымен қойылым болған»: Балалар омбудсмені пікір білдірді

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
2121

Өзбекстанның балабақшасында Қызыл кітапқа енгізілген Орта Азиялық екі кобраның қатысуымен қойылым өткен, деп хабарлады madeniportal.kz massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл жағдай жұртты алаңдатты.

Кадрларда жүргізуші улы жыландарды қойылымнан кейін құйрығынан ұстап, қорапқа салып жатқаны байқауға болады. Балалардың жыландарға тым жақын отыруы да назар аудартты.

Бұл түрлердің өте қауіпті әрі жылдам әрекет ететіні белгілі. Балалар омбудсмені бұл жағдайға пікір білдіріп, құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын анықтап жатқанын хабарлады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...