Алматыда «Ұлы даланың жеті қыры және қазақ әдебиеті» атты Қазақстан Жазушылар одағының І...
12 жасқа дейінгі балаларды қараусыз қалдыруға тыйым салу ұсынылды
Фото: freepik.com
Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиеваның мұндай ұсыныс білдіруіне осы күнге дейін өрт салдарынан үйде жалғыз қалған балалардың қаза болуы себеп болып отыр, деп хабарлайды madeniportal.kz.
«Ақмола облысындағы жеке үйде электр тоғының тұйықталып, түтіндеуі салдарынан екі бала қайтыс болды. Олардың жақындарына көңіл айтамын. Қазір бұл оқиғаның барлық мән-жайы анықталып, тергеу жүріп жатыр. 2024 жылдың қаңтарынан бастап балалардың өліміне алып келген 15 өрт оқиғасы тіркелді, оның көбісінде балалар үйде жалғыз қалған. Осы фактілерді талдай отырып, мен 12 жасқа дейінгі балаларды ересектердің қарауынсыз қалдыруға тыйым салатын заңнамалық шараларды әзірлеу қажет деп санаймын, Әрине, бұл ретте қолдауды қажет ететін отбасыларға мемлекет тарапынан көмек көрсету бағдарламалары қажет»,-деп жазды балалар омбудсмені желідегі парақшасында.