Қарағанды аумағында жойғыш ұшақ апатқа ұшырады

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
539

Қарағандыда 25 ақпанда жоспарлы оқу-жаттығу ұшуы кезінде көп мақсатты Су-30СМ жойғыш ұшағы құлады, деп хабарлады MadeniPortal.kz. 

Бұл туралы Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі ресми мәлімдеді.

Ведомство дерегінше, экипаж дер кезінде катапульт жасап үлгерген. Екі ұшқыш та тірі, қазіргі уақытта дәрігерлердің бақылауында, өміріне қауіп жоқ. Ұшақ құлаған аумақ толық қоршауға алынған. Тұрғындарға және инфрақұрылым нысандарына қауіп төнбегені хабарланды.

Апаттың себептерін анықтау үшін ұшу қауіпсіздігі саласына жауапты департамент басшысы жетекшілік ететін арнайы комиссия құрылған.

Тергеу қорытындысы бойынша тиісті құқықтық баға берілмек. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...