Коронавируспен күреске бөлінген көлемді қаражат флеш-мобқа жұмсалған. Бұл туралы Республикалық арнай...
14 жасар оқушы құрдасының қолынан көз жұмды
Фото: ЖИ
150
Қызылордада 14 жастағы жасөспірім құрдасының қолынан көз жұмды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Желідегі ақпарат бойынша, 21 қазан күні қаланың орталық алаңында жұмыс істеп жүрген 14 жастағы баланың кеудесіне бұрағыш сұғылған.
Полиция кәмелетке толмағанның абайсызда өліміне әкеп соққан қасақана ауыр дене жарақатын келтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады.
Жасөспірім күдікті облыстық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды.
Сондай-ақ кәмелетке толмағанды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау дерегі бойынша қылмыстық іс тіркелді.
Тергеу барысы полиция басшылығының ерекше бақылауына алынды.