«Халқымыз ризашылықпен қабылдады»: Тоқаев шетелдік көшбасшыларға алғыс айтты

Ақорда

ЖАҢАЛЫҚТАР
145
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне орай құттықтау жолдаған шет мемлекеттер мен үкімет басшыларына, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың ризашылығын білдірді. Бұл туралы  MadeniPortal.kz Ақордаға сілтеме жасап хабарлады.

Президент алғысын X әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады.

«Республика күніне орай жолдаған риясыз құттықтаулары мен жылы лебіздері үшін барлық мемлекеттер және үкіметтер басшыларына, сондай-ақ ірі халықаралық ұйымдардың жетекшілеріне алғыс айтамын.

Егемен елімізге арнаған ізгі тілектеріңізді халқымыз ризашылықпен қабылдады», – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астана қаласының Сарыарқа ауданында орналасқан бес қабатты қонақүй-монша кешенінде өрт шықты. Оқиға...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қостанайда полицияның тоқтау туралы талабына бағынбаған Volkswagen Passat жүргізушісі жолаушылар авт...