14 жастағы қыз ауыр жарақат алды: Риддерде жүргізушіге қатысты іс қозғалды

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
404

Риддер қаласының орталығында «Газель» көлігі 14 жастағы жасөспірімді қағып кетті. Қыз ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Жол-көлік оқиғасы 25 тамыз күні шамамен сағат 14:20-да «Гемма» дүкенінің маңындағы жолда болған.

Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің мәліметінше, «Газель» жүргізушісі кәмелетке толмаған қызды қағып кеткен. Жол апатынан кейін 14 жастағы жасөспірім ауруханаға жатқызылды.

Қазіргі уақытта зардап шеккен қыз Риддер қалалық ауруханасының травматология бөлімінде ем қабылдап жатыр.

«Жол қозғалысы ережелерін бұзу салдарынан кәмелетке толмаған баланың денсаулығына абайсызда ауыр зиян келтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады ШҚО полиция департаменті.

Тәртіп сақшылары жол-көлік оқиғасының нақты себептері мен мән-жайын анықтап жатыр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысындағы тасжолда жеңіл көлік жол жөндеу ұйымының үш жұмысшысын қағып кетті. Олардың бірі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ресейдің Еврей автономиялық облысында шағын автобус пен пойыз соқтығысып, алты адам көз жұмды, деп х...