Головкин Альвареспен үшінші жекпе-жек үшін келіссөздер қашан басталатынын айтты

ЖАҢАЛЫҚТАР
3785

Орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) TMZ.com тілшісіне берген сұхбатында мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (52-1-2, 35 КО) болатын үшінші жекпе-жекке байланысты сұрақтарға жауап берді, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі tofight.ru сайтына сілтеме жасап.  

Головкин Альвареспен үшінші жекпе-жек үшін келіссөздер Роллспен болатын жекпе-жектен кейін басталатынын мәлімдеді. Ол журналисттің "Үшінші жекпе-жектің болғанын қалайсың ба?" деген сұрағына "Барлығы қалайды" деп жауап берген.  Еске салсақ, қазақстандық спортшы Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында Альвареспен екі рет жұдырықтасқан: 2017 жылдың қыркүйегінде олардың алғашқы жекпе-жегі тең нәтижемен, ал бір жылдан соң мексикалықтың жеңісімен аяқталды. Осылайша, қазақстандық карьерасындағы алғашқы жеңіліске ұшырады және WBC, WBA (Super) және IBO титулдарынан айырылды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...