Ұйықтап жатқан 61 жастағы әйелді қайнысы аяусыз өлтііріп кеткен

ашық дереккөзден алынған

ЖАҢАЛЫҚТАР
1737

Әзербайжанның Алар ауылында кісі өлтіру ісіне қатысты жаңа деректер белгілі болды, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.

Oxu.Az-тың хабарлауынша, оқиға екі ағайынды бірге тұратын үйде болған.

41 жастағы Тахмасиб Алиев ағасы Фирдовсидің 62 жастағы әйелі Равия Нариманованы өлтірген.

Алдын ала мәліметке сәйкес, Тахмасиб әйелді ұйықтап жатқан жерінде ұрып өлтірген.

Марқұмның туыстарының айтуынша, ағайындылар арасында мүлікке байланысты ұзақ уақыттан бері келіспеушіліктер болған. Даудың негізгі себебі – екі бауыр бірге тұрған үйдің меншік құқығы. Соңғы күндері Тахмасиб келіншегіне жиі қоқан-лоқы көрсеткен. Равия бұл туралы Билясувар ауданының Исметли ауылында тұратын туыстарына айтып, өз өміріне қауіп төніп тұрғанын жеткізген.

Тахмасиб пен оның ағасы Фирдовси мал саудасымен айналысқан. Оқиға күні Фирдовси базарға кеткеннен кейін, таңертең әйелді өлтіру қылмысы орын алған. Хабарға қарағанда, Тахмасиб әйелді ол ұйықтап жатқанда өлтірген.

Сонымен қатар, марқұмның жақындарының айтуынша, бұл екі отбасы туыстық байланыспен де байланысты болған: күдікті Тахмасибтің қарындасы марқұм Равияның ағасына тұрмысқа шыққан.

Айта кетейік, күдікті Тахмасиб Алиев бұрын да сотталған.

ТАРИХ

Қазақстан Ұлы Дала тарихы мен өркениетін зерттеу бағытындағы халықаралық ынтымақтастықты қолға алды....

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы 2026 жылғы қаңтар-шілде айларындағы ақша-кредит саясатын жүзеге асыру қорытындысы т...