1,5 мыңға жуық сиқыршы мен көріпкел ұсталды

Фото: freepik.com

ЖАҢАЛЫҚТАР
2997

Тәжікстанда полцейлер сиқыршы және көріпкел деп есептелген 1,5 мыңға жуық адамды ұстады, деп хабарлайды madeniportal.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Тәжікістан президентінің баспасөз қызметі 2024 жылдың мамыр айынан бері осы науқан аясында барлығы 7,5 мың адам ұсталғанын түсіндірді. Олардың ішінде ресми діни білімі жоқ 5 мың молда, сондай-ақ 1,5 мың сиқыршы мен көріпкелдер бар.

2024 жылдың көктемінде Тәжікстан президенті дін өкілдерімен кездесуінде елде оккультизмнің тарағанын айтып, олармен күресуге шақырған. Оның айтуынша, бұл құбылыс "елді құрдымға батырады".

Сәуір айында Тәжікстанның ішкі істер министрлігі алаяқтықпен айналысып, өзін емші, көріпкел, сиқыршы және тұмаршы ретінде көрсеткен адамдарға жауапкершілік қарастырылғаны айтылған. Онда адамдарды алдағандарды алты айға дейін мәжбүрлі жұмысқа тартуды қарастыратын заңнамаға түзетулер енгізгенін хабарлады. Сондай-ақ көріпкелдер мен сиқыршылардың қызметін пайдаланатын азаматтардың арнайы тізілімін жасау туралы айтылды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауы қазіргі Конституцияға сәйкес 2029 жылы өз мер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облыстық перинаталдық орталығында сирек әрі қуанышты оқиға болды. Бір мезетте дерлік екі үшем...