Таиландта із-түзсіз жоғалған Ресей азаматтары – 22 жастағы Диана мен 17 жастағы Романның қаза...
"Сабандап шашын жұлып, басын тескен": Мадинаның өліміне қатысты туысы тың дерек айтты
коллаж: MadeniPortal.kz
Жамбыл облысының Меркі ауданында 19 жастағы Мадинаның қазасына қатысты жаңа мәліметтер айтылды. Бұған дейін әлеуметтік желіде жас келіншектің күйеуімен бір «Барни» тәттісіне байланысты жанжалдасқаны туралы жазбалары тараған еді, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Мадинаның туысының айтуынша, жанжал күйеуінің баласына әкелген екі тәттінің бірін әйелінің жеп қоюынан басталған.
«Күйеуі екі “Барни” алып келген. Екеуінің біреуін баласына ашып беріп, екіншісін өзі бір тістеп жегенде, күйеуі келіп: “Неге баланың тамағын жейсің?” деген. “Не болыпты, мә, онда” дегені сол еді, енесі келіп, “Неге сен күйеуіңе қарсы сөйлейсің?” деп тиісіпті», — дейді туысы.
Туысының сөзінше, осыдан кейін Мадина енесіне жауап берген. Ал күйеуі анасына айтылған сөзге ашуланып, әйеліне күш көрсеткен.
«Басында сабандап шашын жұлған, шашынан сүйреген. Арқасын шыбықпен ұрған. Аяқтары сырылып-сырылып қалған, іздері тұр. Ал басын тесіп тастаған», — деді Мадинаның туысы.
Туысы сондай-ақ әйелдің өліміне қатысты аса ауыр жайтты айтып, оны қылмыс ізін жасыру мақсатында асылып тұрған күйде көрсеткенін мәлімдеді. Бұл ақпаратқа қатысты нақты құқықтық бағаны тергеу органдары беруі тиіс.
Мадинаның қазасы қоғамда үлкен резонанс тудырды. Әлеуметтік желідегі жарияланымдарда жас әйелдің құрбысына жазған хаттары да талқыланған. Онда Мадина «Барни» үшін болған жанжалдан кейін күйеуінің өзіне қол көтергенін жазған.
Қазір жұрттың көкейіндегі басты сұрақ — бір қарағанда болмашы тұрмыстық жанжалдың қалайша қайғылы жағдайға ұласқаны және жас келіншектің бұған дейін қандай қысым көргені.
Оқиғаның барлық мән-жайына құқық қорғау органдарының тергеуі барысында құқықтық баға берілуі тиіс.