15 жасқа толмағандарға әлеуметтік желіге кіруге тыйым салынады

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
2255

Францияда 15 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желіні қолдануға тыйым салынуы мүмкін, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Ел президенті Эммануэль Макрон осындай бастама көтерді.

Бұған Франциядағы орта мектептердің бірінде сейсенбіде мұғалімнің көмекшісінің өлімі түрткі болған. Бұған қоса Макрон пышақ сататын онлайн сайттарда да сатып алушылардың жасы тексерілетінін мәлімдеді.