Биыл Рамазан айы қашан басталады?

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
1350

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қасиетті Рамазан айының басталуына 30 күн қалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды madrniportal.kz.

2025 жылғы діни күндер кестесіне сәйкес, биыл Рамазан айының алғашқы күні көктемнің бірінші күніне, яғни 1 наурызға сәйкес келеді. Кесте бойынша, биыл ораза 29 күнге созылады. Ал Қадір түні – наурыздың 26-сынан 27-сіне қараған түн. 

«Дегенмен, жаңа айдың көрінуіне байланысты бұл күндер бір күн алға не бір күн кейін шегерілуі мүмкін екенін ұмытпау керек», - деп хабарлады ҚМДБ.

Діни басқарма Рамазан айы басталмай тұрып, өткен жылдағы қаза болған ораза күндерін толықтыру керегін ескертті.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алда Жаңа жыл мерекесі жақындап келе жатқандықтан, кейбір адамдар арасында оны атап өтуге бола ма, б...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында кешелі бері қатты жел соғып, дауыл тұрды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Салдарын...