Сычуань провинциясында оқушы досын мектепке арқалап апарған бала жұрттың жүрегін елжіретті. Сюй...
Шерзат Полаттың әкесі қамала ма? — Бас прокуратура
Фото: ашық дереккөз
Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиевтен Талғардағы жасөспірім Шерзат Болаттың өлімі ісі бойынша сотталғандардың туыстарының талабына сәйкес, марқұмның әкесі – Нұрымов Қаржаубайға қатысты қылмыстық іс қозғалуы мүмкін бе деген сұрақ қойылды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ POLITICO.KZ сайтына сілтеме жасап.
Шерзаттың әкесіне қатысты іс қозғалуы мүмкін бе деген сұраққа Мәжіліс кулуарларында Әсет Шындалиев жауап берді:
"Мен тек күдіктілердің немесе басқа тұлғалардың туыстарының сөзіне сүйеніп пікір айта алмаймын. Қылмыстық іс қозғау үшін жеткілікті негіздер болуы керек. Істі қозғау туралы шешімді қылмыстық қудалау органы қабылдайды", – деді ол.
Сондай-ақ, Шындалиев Талдықорғанда өткен сот процесіне де пікір білдірді:
"Шерзат Полаттың өлімі ісі бойынша өткен сотқа келсек, үкім заңды күшіне енген жоқ. Барлық тараптың апелляция беруге әлі уақыты бар. Маған белгілісі – барлық қазақстандық процеске ашық түрде қатысуға мүмкіндік алды. Менің ойымша, сот сапалы, ашық және объективті өтті. Үкім шығару кезінде барлық айғақ пен куәгерлердің көрсетулері ескерілді. Мұндай ашық сот процестерінің мақсаты – соттың әділ өтетінін және ештеңенің жасырын еместігін көрсету", – деді Бас прокуратура өкілі.