Қазақстанда туған танымал рэпердің өлімі тергеліп жатыр

BK

ЖАҢАЛЫҚТАР
174
Қостанай қаласында дүниеге келген ресейлік рэпер Миша Маваши 41 жасында көз жұмды. Қазіргі уақытта Ресейдің Воронеж облысында музыканттың өліміне қатысты тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Өнер иесінің қайтыс болғаны туралы ақпарат 25 қазанда тарады. Алдын ала мәлімет бойынша, музыкант үйінде атыс қаруынан жарақат алған. Оны ауруханаға жеткізгенімен, дәрігерлер өмірін сақтап қала алмаған.

Бірқатар дереккөзде қарумен жұмыс істеу кезінде кездейсоқ оқ атылғаны немесе өзіне қол жұмсағаны туралы болжамдар айтылған. Алайда бұл ақпараттар ресми түрде расталған жоқ.

Ресей Тергеу комитетінің Воронеж облысы бойынша тергеу басқармасы оқиғаға қатысты тексеру жұмыстарын бастады. Қазір мамандар қайғылы жағдайдың мән-жайы мен себептерін анықтап жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалған.

Музыканттың шын есімі – Михаил Ниц. Ол 1985 жылы Қостанай қаласында дүниеге келген. Рэпер 2010 жылдардың басында спорт, өзін-өзі тәртіпке шақыру, алкоголь мен есірткіден бас тарту тақырыбындағы әндері арқылы танымал болды. Сондай-ақ оның шығармашылығында әлеуметтік мәселелер де көрініс тапқан.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астана қаласының Сарыарқа ауданында орналасқан бес қабатты қонақүй-монша кешенінде өрт шықты. Оқиға...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қостанайда полицияның тоқтау туралы талабына бағынбаған Volkswagen Passat жүргізушісі жолаушылар авт...