Маңғыстау облысында алып сәби дүниеге келді. Оңың салмағы 5,7 келіден асады. Қазір анасы мен ұлының...
15 жастағы жасөспірім президенттікке үміткер адамға оқ жаудырды
Фото: freepik
Колумбияда президенттікке үміткер Мигель Урибеге қастандық жасалды. Оқиға Фонтибон қаласында сайлауалды шара кезінде болды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.
Сенатор Мигель Урибе халықпен кездесіп тұрған сәтте белгісіз біреу үш рет оқ атқан. Алдын ала мәлімет бойынша, бір оқ саясаткердің басы мен мойнына тиген. Ол дереу ауруханаға жеткізілді, қазіргі күйі – ауыр.
«Бұл – елге және демократияға жасалған қастандық»,– деді Колумбияның Қорғаныс министрі Педро Санчес.
Кейінірек Богота мэрі Карлос Фернандо Галан күдіктінің ұсталғанын мәлімдеді. Тергеу барысында белгілі болғандай:
- Күдікті – 15 жастағы жасөспірім
- Ол шабуыл кезінде аяғынан жараланған
- Оның қолынан 9 мм калибрлі тапанша тәркіленді
- Қазір ол да ауруханада
Құқық қорғау органдары қылмыстың себептерін анықтап жатыр. Билік күдіктінің кім екеніне қатысты ақпарат бергендерге 3 мың доллар сыйақы жариялады.