Дана Нұржігіт анасы жайлы жантебірентерлік жазба жариялады

ашық дереккөзі

ЖАҢАЛЫҚТАР
1210

Белгілі тележүргізуші Дана Нұржігіт анасының туған күніне орай жазба жариялады, деп хабарлады MadeniPortal.kz

Тележүргізуші анасының өмірде көп қиындық көргенін алға тартты.

"Жыл өткен сайын анамыздың біз үшін жасаған еңбегін терең түсініп келемін. 38 жасында әкемізден айырылып, үшеумізді жалғыз өзі аяқтандырды. Бар қиыншылықты бірге көрдік. Саудагерлік қолымыздан келмеді,бар білетініміз: өнер,ұстаздық. Біздің үйде “шуба алсам,алтын жинасам, екі этажды коттеж салсам, миллионер болсам…” деген әңгімелер болған емес! Бұл жақсы ма, жаман ба, білмеймін…Біз кәсіпті көп айттық, бірақ кәсіпкерлікті бертін келе ойлай бастадық. Отбасымызда өнердегі шығармашылық бірінші орында еді. Қазір де солай! Анамыздың бүгінгі өмірін шуақты етіп отырған Қанат ағамызға ризамыз. Екеуі де театр әртістері болғандықтан сыры мен жыры бір. Анам-75, Қанат ағамыз 83 келеді. Бірақ, өмірге деген құштарлықты осы кісілерден үйренемін. Аяқ қолыңа дерт бермесін,мама! Қарттыққа жеңістік бермей,жасай бер! Біз білетін өжеттігің, тәуекелшіл, дегеніңе жеткізетін, діттегеніңді болдыратын мінезіңнен,табандылығыңнан ажырама! Шекіспей беріспе! Біз қасыңдамыз!", - деді Дана Нұржігіт.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауы қазіргі Конституцияға сәйкес 2029 жылы өз мер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облыстық перинаталдық орталығында сирек әрі қуанышты оқиға болды. Бір мезетте дерлік екі үшем...