Журналист Жанат Молдашова Сұлтан Сәрсемәлиевке қатысты сот процесінде айтылған тың дерекке назар ауд...
16 оқушы мінген «Газель» жолда өртеніп кетті
Сурет: Ашық дереккөзден
5888
Түркістан облысында «Шымкент-Самара» автожолында оқушылар мінген газель отқа оранды, деп хабарлайды madeniportal.kz.
Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше «Шымкент-Самара» автожолында 16 оқушы мен бір жүргізуші болған газельді өрт толығымен шарпыды. Жолаушылар көліктен шығып үлгерген. Олар Қызылорда облысынан Түркістанға экскурсияға бара жатқан» делінген хабарламада.
Өрт сөндірушілер өртті 37 минутта сөндірді. Зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның себебі анықталуда.