Жәнібек Әлімханұлының допинг дауы: Менеджер дәрі егілгенін айтып ақталды

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
1118

Қазақстандық орта салмақтағы WBO/IBF чемпионы Жәнібек Әлімханұлының денесінде тыйым салынған препараттың табылуы туралы мәліметті оның менеджері Эгис Климас жариялады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Климастың айтуынша, 2025 жылдың 7 мамырында Әлімханұлы қатты бас ауруы, жүрек айну, бас айналу және құсу сияқты шағымдарымен клиникаға жүгінген.

Емдеу барысында спортшыға рипронат препараты тағайындалған, оның құрамында мельдоний бар. Менеджердің сөзінше, препарат Әлімханұлының ағзасына «шұғыл жағдайға байланысты» тамырішілік түрде енгізілген және ол сол кезде заңды қолданылған. Яғни, мельдоний ағзада 9 айға дейін қалуы мүмкін.

Климастың айтуынша, дәрігерлер боксшыны Қазақстанда заңды түрде сатылатын препараттармен толық емдеген.

PESTEL

Түркияның Ыстанбұл қаласында 26 жастағы қазақстандық қыз қайғылы жағдайда қаза тапты. Алдын ала мәлі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көріпкел Ақгүл Есетқызы Ақтау маңындағы Каспий теңізінде оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан 14 сарбазға...