Семейде әйел балалар орталығындағы өрт құрбандары туралы жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік...
16 қарашада ауа райы қандай болады?
Фото: ЖИ/ MadeniPortal.kz
199
16 қарашада Қазақстанның бірқатар өңірінде жаңбыр мен қар жауып, тұман түседі, көктайғақ болады. Оңтүстікте күн жылы болғанымен, кей өңірлерде түнгі аяз күшейеді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Астанада жауын-шашын болмайды. Түнде тұман түсіп, жолдар тайғақ болады. Ауа температурасы түнде −4…−2°C, күндіз 0…+2°C шамасында. Оңтүстік-шығыстан секундына 2–7 метр жел соғады.
Алматыда түнде ара-тұра қар жауып, тұман түседі. Күндіз жауын-шашын күтілмейді. Түнде −5…−3°C, күндіз +3…+5°C болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 3–8 м/с.
Шымкентте жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Түнде +1…+3°C, күндіз +14…+16°C болады. Солтүстік-шығыстан 5–10 м/с жел соғады.