“Қайырымдылық қордан ақша алу үшін”: блогер 1 жасар қызын әдейі ауру қылды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
3081

Австралиялық 34 жастағы блогер бір жасар қызын қорлады. Сонымен қатар 60 мың доллар алаяқтық жасады деп айыпталды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Полицияның мәліметінше, әйел қызына денсаулығына қауіпті дәрі-дәрмектерді әдейі беріп, оның жаны қиналған сәтін суретке, видеоға түсіріп алған. Содан кейін бұл суреттерді GoFundMe платформасы арқылы қайырымдылық жинау үшін қолданған.

Полицияның айтуынша, 2023 жылдың 6 тамызы мен 15 қазаны аралығында әйел қызына заңсыз жолмен дәрі-дәрмектер берген. Сонык ішінде басқа отбасы мүшелеріне тағайындалған ескі рецепттерді қолданған. Тергеушілердің пікірінше, блогер баланы саналы түрде ауыр жағдайға жеткізді.

Тергеу мәліметтері бойынша, ол GoFundMe арқылы шамамен 60 мың доллар жинады. Қаражат баланы емдеу үшін емес, өз басына жұмсалған.

Әлем

Сенегал жағалауында мигранттар мінген ағаш қайық аударылып, кемінде 39 адам көз жұмды. Бір адам аман...

ЖАҢАЛЫҚТАР

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап Алматының шығарындылар деңгейі төмен аймағындағы газдандырылған ауданд...